in

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың Қызылордадағы концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Продюсер әрі Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әншінің Қызылордадағы концертіне қатысты жағдайды түсіндірді. Концерт кейінге шегерілген болатын, деп хабарлайды astana24.com.

Осыған дейін Қайрат Нұртас Instagram желісіндегі парақшасында тыңдармандарына концерт күнінің ауысқанын хабарлаған еді.

Гүлзира Айдарбекова продюсер ретінде Қайрат Нұртастың Қызылордадағы концертіне қатысты көптеген сұрақ келіп түсіп жатқанын айтты. Ол жағдайды түсіндіріп өтті.

"Шымкенттегі жағдайға байланысты, Қызылорда қаласындағы билет сатылымы тоқтатылған болатын. Аллаға шүкір, бәрі орнына келіп, кеше Қызылорда қаласы бойынша сатылым ашылды.

Осыған дейін түрлі сұрақтармен, концерттің анық боларын сұрап тоқтамай хабарласқандарға жауап болсын. Бұрын билет алғандар, сол билетімен кіре алады. 20 қазанда Қызылорда күтіңіздер!" – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концертінде кептеліс болып, 18 жастағы қыз зардап шеккен еді.

Полиция қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді. Көп ұзамай концерт ұйымдастырушысы ұсталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, сатылған билеттер саны концерт өтетін орынның рұқсат етілген сыйымдылығынан айтарлықтай асып кеткен. Бұл жиналған халық санының шектен тыс көп болуына әкеліп, көрермендердің қауіпсіздігіне қатер төндірген.

Кейіннен Шымкенттегі Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған ер адам қамауға алынбай, үйқамаққа жіберілгені белгілі болды.