Португалиялық Криштиану Роналду мен аргентиналық Лионель Месси әлем бойынша ең көп жалақы алатын футболшылар рейтингінде тағы да көш бастады, деп хабарлайды astana24.com Forbes-ке сілтеме жасап.
Forbes журналы 2026/27 маусымындағы әлем бойынша ең көп табыс табатын футболшылардың рейтингін жасады.
"Криштиану Роналду мен Лионель Месси биыл да әлемдегі ең көп табыс табатын футболшылар рейтингін бастап тұр, алайда олардың ізін жаңа буын өкілдері басып келеді.
Бұл екі аңыз ойыншы өздерінің миллиардтаған байлығын еселей түсуде, ал Ламин Ямаль, Килиан Мбаппе және Эрлинг Холанд секілді жас жұлдыздардың табысы әлем чемпионатынан кейін артуда", – деп жазады басылым.
Басылым есептеу кезінде клубтардан түсетін жалақы мен өзге де төлемдерді, сондай-ақ футболдан тыс, оның ішінде жарнамадан түсетін табысты ескерді.
View this post on Instagram
A post shared by Forbes (@forbes)
