Қазақстандық оқушылар осы оқу жылындағы алғашқы демалысына шығады – бір апталық демалыс 26 қазанда басталады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған astana24.com.
Оқу-ағарту министрлігінің сайтында жазылғандай, 1 қыркүйекте басталған бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Осылайша, күзгі демалысқа дейін небәрі бір апта қалды.
"Күзгі каникул 7 күнтізбелік күнге созылады – 26 қазан мен 1 қараша аралығын қоса алғанда", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ демалыс кезеңдерін бекіткен болатын. Олармен мына жерден танысуға болады.
Айта кетейік, осы аптада 25 қазанда Қазақстанда Республика күні аталып өтеді. Бес күн жұмыс істейтін ел тұрғындары қосымша демалады.
