Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы күндері Түркияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
28-30 қазан күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барады.
"Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қазақстан президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.
Еске сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа Республика күніне орай құттықтау жеделхатын жолдап, желтоқсанда өтетін G20 саммиті аясындағы кездесуді асыға күтетінін жазған еді.
