Алматы мемлекеттік табиғи қорығында марал камера объективіне түсті, деп хабарлайды astana24.com Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығында тау ормандарының айбынды мекендеушісі – марал (Cervus elaphus) камера объективіне түсті.
Марал – салмағы 300 келіге дейін жететін ірі сүтқоректі. Қорық аумағында теңіз деңгейінен 1200–3500 метр биіктікте, аралас және қылқан жапырақты ормандарда, субальпі және альпі белдеулерінде тіршілік етеді.
Оның басты ерекшелігі – аталықтарының үлкен, тармақталған мүйіздері. Жыл сайын наурыз–сәуір айларында маралдар ескі мүйіздерін тастап, орнына жаңасын өсіреді. Ал аналықтарында мүйіз болмайды.
Асқақ таулар мен қалың ормандарды мекендейтін марал – Қазақстанның жабайы табиғатының көрікті өкілдерінің бірі.
