TikTok-та 18 жастан асқан қазақстандықтардың 5 млн теңгеге дейінгі несиелері мен айыппұлдары бір сәтте кешіріліп, есептен шығарылатынын айтып, уәде беретін бейнероликтер таралды. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұл күдікті видеоны жан-жақты зерделеп, бірнеше қауіп белгілерін анықтады, деп хабарлайды astana24.com.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы TikTok-та таралған видео авторлары ақпараттың шынайылығына сендіру үшін мемлекеттік рәміздерді пайдаланып, профиль сипаттамасындағы көрсетілген сілтемеге өтуге шақыратыны ескертті.
Орталық мамандарының айтуынша, бұл күмәнді сілтеме жан-жақты зерделеніп, одан бірнеше қауіп белгілері анықталды.
Сайт ресми әлеуметтік көмек көрсететін сервис ретінде ұсынылған. Пайдаланушыдан туған жылын көрсету сұралады. Одан кейін оның бағдарлама шарттарына сәйкес келетіні хабарланып, Telegram желісіне өтуге бағыттайды. Ал кері санақ таймері уақыттың шектеулі екенін алға тартып, пайдаланушыны асығыс шешім қабылдауға итермелейді.
"Telegram-да авторизацияны растаған пайдаланушы іс жүзінде бөгде адамдарға өз аккаунтына, жеке хат алмасуларына және оған байланысты деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді", – деп ескертеді мамандар.
Техникалық тексеріс кезінде тағы бірнеше белгілерді анықтады:
Күмән туғызатын сайтты қалай анықтауға болады
"Алаяқтар азаматтарды өз айласына түсірудің әр кезеңін мұқият ойластырады. Олар қарыздарды есептен шығаруға, қаржылай көмек көрсетуге уәде береді немесе қоғамдағы өзекті мәселелерді пайдаланып, адамдардың сеніміне кіруге және оларды өздеріне қажетті әрекеттерге итермелеуге тырысады. Сырт көзге сенімді көрінетін мұндай жарияланымдардың артында азаматтардың жеке деректері мен аккаунттарына қол жеткізуді көздейтін фишингтік схемалар жасырынуы мүмкін. Сондықтан құрғақ уәделерге сенбей, ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеріп, күмәнді сілтемелер мен аккаунтқа кіруге рұқсат беру туралы сұрауларға мұқият қараған жөн", – дейді мамандар.
