Үндістанда өтіп жатқан пара қол күресінен әлем чемпионатында Ұлытау облысының спортшылары екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Әлемдік додада Асылжан Иманбаева сол және оң қол күресінен қарсыластарынан басым түсіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Азамат Нұралиев те өз санатында үздік нәтиже көрсетіп, әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.
Ал Ермек Смаилов күміс және қола жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, ол әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері атанды.
Ұлытау облысының спортшылары әлемдік жарыста жалпы үш алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Бұл нәтижелер өңірдегі пара спорт өкілдерінің халықаралық деңгейдегі жетістіктерін толықтырды.
