5-7 қараша күндері Қазақстанда қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған astana24.com.
Синоптиктердің мәліметінше, жауын-шашынсыз күндерге себеп болған антициклон Қазақстаннан жылжып, оның орнына солтүстіктен циклон енеді.
Алдағы үш күнде ол алдымен елдің батысында, кейін басқа өңірлерде күн райының бұзылуына себеп болады.
Жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.
5-6 қарашада республиканың батысында, солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал 6 қарашада оңтүстік және орталық өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі.
Республика бойынша желдің күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі мүмкін.
Ауа температурасы:
