in

Қазақстан мегаполистерінің бірінде бүгін өткінші жаңбыр жауады

Астана, Алматы мен Шымкентте 5 шілдеде ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 28 градусқа дейін көтеріліп, түнде 16 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,1 м/с деңгейінде болмақ.

Астанада синоптиктер болжамынша, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін жетіп, түнде 16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 4,4 м/с деңгейінде болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы 35 градусқа дейін жетіп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,7 м/с деңгейінде болмақ.