in

Әсел Жанасова премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.

Бұл тағайындауға дейін ол 2025 жылғы желтоқсаннан бастап Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды. Ал бұған дейін Қазақстан президентінің кеңесшісі болған.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2010 жылы "Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде (компьютерлік ғылымдар саласы) білім алған. 2014 жылы Кембридж университетінде магистратураны тәмамдаған. Сондай-ақ Мәскеу мемлекеттік университетінде Executive Management бағдарламасы бойынша оқыған.

2010-2014 жылдары – Лондон қаласындағы халықаралық компанияның ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Киберқауіпсіздік департаментінің директоры.

2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Цифрлық технологиялар департаменті директорының орынбасары.

2016-2017 жылдары – "Зерде ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.

2017-2018 жылдары – "Астана" халықаралық қаржы орталығы басқарушысының кеңесшісі.

2018-2020 жылдары – "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.

2020-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрінің орынбасары.

2022-2025 жылдары "Қазпошта" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымынан босатылған болатын.