in

Тоқаев Илияна Йотованы Болгария президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Илияна Йотованы Болгария Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

"Сайлаудағы жарқын жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге артқан жоғары сенімі мен еліңіздің дамуын баянды етуге бағытталған игі бастамаларыңызға көрсеткен қолдауының айқын көрінісі екені сөзсіз", – делінген құттықтау хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Болгария халқына құт-береке тіледі.