in

Ақсу-Жабағылы қорығының жабайы жануарлары фототұзаққа түсіп қалды

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында орнатылған фототұзақтар жабайы жануарлардың табиғи ортадағы тіршілігін таспаға түсірді. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлім етті, деп хабарлайды astana24.com.

Қорық мамандарының пікірінше, фототұзақтар жануарлардың қозғалысын, мінез-құлқын және мекен ету ерекшеліктерін бақылауға мүмкіндік береді.

Жиналған деректер биоалуантүрлілікті зерттеуге және табиғатты қорғау шараларын тиімді жоспарлауға көмектеседі.

Әрбір кадр – табиғаттың біз байқай бермейтін құпия тіршілігінен бір үзік сыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ақсу-Жабағылы Қорығы. Заповедник Аксу-Жабаглы (@aksuzhabagylymtk)