Астана, Алматы мен Шымкентте 7 қарашада ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.
Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 19 градусқа дейін көтеріліп, түнде 2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,3 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, сылбыр жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 8 градусқа дейін жетіп, түнде 2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,3 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 23 градусқа дейін жетіп, түнде 12 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,7 м/с деңгейінде болмақ.
