Ақаба процесі саммитіне қатысу үшін Қазақстанға арнайы келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев еліне қайтты. Оның ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі шығарып салды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге Ақаба процесі саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті елорда әуежайынан шығарып салды", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бүгін Астанада Ақаба процесінің "Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік" тақырыбына арналған саммиті өтті.
Саммитке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Әзербайжан Ұлттық жиналысының спикері Сахиба Гафарова, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев және басқа да ресми тұлғалар қатысты.
