in

Тоқаев Астана әуежайында Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алды (фото)

Иордан Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.

Мәртебелі мейманды президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайынан қарсы алды.

Салтанатты рәсім аясында ұшу-қону алаңында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 6 қарашада Астанада бірқатар мемлекет басшыларының қатысуымен Ақаба процесінің саммиті өтетінін жазған едік. Осыған байланысты Иордания королі мен Тәжікстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруын қабыл алып, Қазақстанға келетінін растаған болатын.

II Абдалла бен әл-Хусейн елде 5-6 қараша аралығында сапармен болады.

"Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады", – деп хабарлаған еді Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы.