Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында Тәжікстан президентін қарсы алды. Ол 6 қарашада Астанада өтетін Ақаба процесі саммитіне қатысады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайынан қарсы алды.
Ресми сапар хаттамасына сәйкес, трап алдында Құрмет қарауылы сап түзеді.
Екі елдің көшбасшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін қарастырады.
Сондай-ақ 6 қараша күні Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.
