in

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды: ел президентін қалай күтіп алды (видео)

Бүгін, 10 қарашада ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей астанасы Мәскеуге барды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды.

Мемлекет басшысын әуежайдан Ресей үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды.