Қазақстанда шамамен 98,6 мың азамат банкрот деп танылды. Барлығы 374 млрд теңге қарыз кешірілді. Тағы 23 мыңнан астам қазақстандық банкроттық рәсімінен өтіп жатыр. Толығырақ astana24.com сайтында.
Қарызын төлей алмай қалған қазақстандықтар өзін банкрот деп жариялап, қаржылық мәселелерін шеше алады. Ол үшін екі жол бар:
Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, екі рәсім аясында шамамен 98,6 мың қазақстандық банкрот деп танылды. Есептен шығарылған қарыздың жалпы сомасы 373 млрд теңгені құрады.
Сондай-ақ қазіргі уақытта тағы 23 195 азаматқа қатысты банкроттық рәсімі жүргізіліп жатыр. Олардың берешегінің жалпы сомасы – 134,5 млрд теңге.
Банкроттықтың әр түрінің өз салдары болатынын білген маңызды – бұл жай ғана қарызды кешіре салу емес. Мәселен азамат банкрот деп танылғаннан кейін оған қатысты келесі шектеулер болады:
Бұл ретте қарыздардың кейбір түрі банкроттық рәсімінен өткен кезде кешірілмейді және оларды бәрібір өз күшімен өтеуге тура келеді, мысалы, бұл алиментке қатысты.
Осылайша банкрот болуға өтініш берер алдында барлық "жақсы" және "кемшін" тұстарын таразылау қажет. Әрбір азамат қаржылық мәселелерін шешу үшін банкрот деп танылуы керек пе, жоқ па, оны өзі шешеді, бірақ кейін ұзақ жылдар бойы шектеумен өмір сүруге тура келеді.
