Зейнекерлерге ипотека рәсімдеу қиынға түсуі мүмкін – оларға жасына байланысты көп банктер қарыз берудан бас тартады. Алайда кейбір банктер зейнет жасындағы азаматтарға несие беруге дайын, деп хабарлайды astana24.com.
Банктер ипотека берместен бұрын әлеуетті қарыз алушының табысына ғана емес, жасына да назар аударады.
Жалпы қазақстандықтар тұрғын үй несиесін 18 жастан бастап ала алады, алайда кейбір банктер ең төменгі межені 21 жас, ал шекті межені 65-68 жас етіп белгілеген. Дегенмен әр банктің өз шарттары бар.
"Крыша" порталының хабарлауынша, кей екінші деңгейлі банктерде зейнеткерлерге расында да ипотека беріледі немесе қосалқы қарыз алушы болуға рұқсат етіледі.
Қай банктер зейнеткерлердің өтінімін қарауға дайын:
"Нұрбанк" пен ForteBank зейнеткерлерге ипотека бермейді, бірақ оларды қосалқы қарыз алушы ретінде қарастыруға дайын. Шарттарды банк бөлімшелерінен нақтылау қажет.
Демек зейнеткерлерге ипотека беру қарастырылған, алайда оның бірқатар шарты бар, соған дайын болу керек:
Бұл ретте айта кетерлігі, Қазақстанда кейбір азаматтар тұрғын үй мәселесін шешуде мемлекет қолдауына сене алады. Атап айтқанда қазақстандықтар әкімдіктен жалға берілетін баспана немесе өз пәтерін сатып алуға жеңілдетілген несие ала алады.
