Астана, Алматы мен Шымкентте 12 қарашада ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.
Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы 4 градусқа дейін көтеріліп, түнде 1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,5 м/с болмақ.
Астанада күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 1 градусқа дейін жетіп, түнде -5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,4 м/с болады.
Шымкентте бүгін аздап бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 7 градусқа дейін жетіп, түнде 0 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,1 м/с деңгейінде болмақ.
