Синоптиктер еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады. Таулы аймақтарда қалың қар мен жаңбыр жауып, бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады. Кей жерлерде жел күшейіп, өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМҚ.
Жетісу облысында таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел Алакөл көлдері ауданында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Талдықорғанда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
Алматы облысында түнде таулы аудандарда кей уақытта қалың қар жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Облыстың шығысында және таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында солтүстік және таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел таулы аудандарда 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Шымкент пен Түркістан қалаларында кей уақытта тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіліп, көктайғақ болады. Солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Абай облысында түнде шығыс, оңтүстік және орталық аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, оңтүстігі мен орталығында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ұлытау облысында түнде және таңертең солтүстік және шығыс аудандарда қар жауып, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі.
Жезқазғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл облысында түнде оңтүстік және таулы аудандарда, күндіз таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Таулы аудандарда көктайғақ күтіледі. Солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қарағанды облысында түнде батыс, солтүстік және шығыс аудандарда қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында негізінен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел түнде оңтүстігінде 15 м/с-қа дейін күшейеді.
Қарағандыда түнде және таңертең тұман болады.
Қызылорда облысында түнде және таңертең солтүстік, шығыс және орталық аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылордада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыс аудандарда тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыс аудандарда тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа жетеді.
Атырау облысында түнде және таңертең батыс және солтүстік-шығыс аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-18 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырауда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-18 м/с болады.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең батыс және солтүстік-шығыс аудандарда аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың батысында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақтауда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батыс және оңтүстік аудандарда тұман түседі.
Ақтөбе облысында батыс, солтүстік және шығыс аудандарда аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіліп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең осы аудандарда тұман түседі.
Ақтөбеде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысында оңтүстік, шығыс және орталық аудандарда тұман түседі.
Павлодарда да тұман болады.
Ақмола облысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі.
