in

Виктория Графеева Олимпиада чемпионын жеңіп, әлем кубогының алтын медалін иеленді

Қытайдың Гуйяне қаласында өтіп жатқан әлем кубогында тағы бір қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасаған astana24.com.

Кезекті алтынды қоржынға салған — Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі, әлем чемпионатының жүлдегері, 60 келі салмақта сынға түскен Виктория Графеева.

Финалдық бәсекеде Виктория Париж Олимпиадасының чемпионы, Тайпей өкілі Лин Юй-Тинмен кездесті.

Алғашқы раунд қарсыластың еншісіне кеткенімен, ол соңғы секундқа дейін жеңіске талпынып, 3:2 есебімен басым түскен.

Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай топ жарған болатын.