Футболдан Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев ағылшындық "Челси" сапындағы дебюттік голын соқты, деп хабарлайды astana24.com.
Сейсенбі, 28 шілдеде лондондықтар сырт алаңдағы турне аясында жолдастық кездесулер сериясын бастады. Сәтпаев австралиялық "Вестерн Сидней Уондерерс" командасына қарсы ойында негізгі құрамда алаңға шықты.
Ойынның жетінші минутында-ақ қазақстандық футболшы есеп ашты. Ол ағылшын вингері Райан Кавума-Маккуиннің дәл пасынан кейін жылдамдық қосып, қарсылас қақпасына қарай ұмтылды және допты қақпаның жоғарғы бұрышына дәл бағыттады.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев "Челсиге" осы жазда алматылық "Қайраттан" ауысқан болатын. Бұған дейін ол екі жабық жолдастық кездесуде өнер көрсетті.
Қазақстандық ойыншы лондондықтармен бірге ресми деңгейде кәмелет жасына толғаннан кейін (12 тамыз) ойнай алады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Chelsea FC (@chelseafc)
Публикация от Chelsea FC (@chelseafc)
