in

Олимпиада ойындарына жолдама: World Boxing іріктеу турнирлері өтетін елдерді жариялады

World Boxing Глазгода өткен Атқару комитетінің отырысында Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасына жолдама беретін бокс турнирлерін өткізетін елдер тізімін бекітті. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетіне сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.

Қабылданған шешімге сәйкес, 2027 жылы құрлықтық іріктеу жарыстары мына мемлекеттерде өтеді:

Сондай-ақ 2028 жылы өтетін екі әлемдік іріктеу турнирін қабылдайтын елдер де белгілі болды. Алғашқы жарыс Италияда, ал екіншісі Венгрияда ұйымдастырылады.

Жарыстардың нақты күндері мен ұйымдастыруға қатысты өзге де мәліметтер кейінірек жарияланады.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіндегі алғашқы дода 2027 жылы Астанада өтетін World Boxing әлем чемпионаты болады.