"Тоттенхэм" футболшылары маусым алдындағы дайындық аясында өткен ағылшын дербиінде "Челсиді" жеңді, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
Лондондық командалар Аустралияның Сидней қаласындағы "Аккор" стадионында кездесті. "Тоттенхэм" 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Үзіліске дейін "Челси" бразилиялық шабуылшы Эстеваоның голының арқасында алға шықты (21-минут). "Тоттенхэм" италиялық жартылай қорғаушы Сандро Тоналидің дәл соққысынан кейін есепті теңестірді (45-минут).
Екінші таймның басында "шпорлар" сапынан бір ойыншы алаңнан қуылды. Аустриялық қорғаушы Кевин Дансо тікелей қызыл қағаз алды (49-минут).
Сандық басымдыққа ие болғанымен, "Челси" гол соға алмады. Ал "Тоттенхэм" ойынның соңғы секундтарында бразилиялық шабуылшы Ришарлисонның голының арқасында жеңісті жұлып алды (90+2-минут).
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев матчты "Челсидің" қосалқы құрамында бастады. Ол 70-минутта Эстеваоның орнына алаңға шықты. 17 жасар шабуылшы берілген уақыт ішінде 11 пас берді, оның тоғызы дәл берілген пас болды.
