in

Танымал боксшы Оразбек Асылқұловқа екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды (фото, видео)

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір тумасы, танымал боксшы Оразбек Асылқұловқа екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды өңір әкімдігіне сілтеме жасаған astana24.com.

Салтанатты шара барысында Марат Ахметжанов боксшыны облыстың мақтанышы екенін атап өтіп, оның жетістіктері жастар арасында спортты дамытуға зор серпін беретінін айтқан.

Өз кезегінде Оразбек Асылқұлов көрсетілген қолдау мен ықылас үшін ризашылығын білдірген. Оның айтуынша, берілген баспана алдағы жеңістер мен жаңа спорттық белестерге жетуге қосымша мотивация болады.

Ал боксшының жеке бапкері Ерлан Ғазизов 1 млн теңгенің сертификаты табысталған.

Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов сәуірде Ұлан-Батырда өткен Азия чемпионтында алтын медальға ие болды. Оны жарқын жеңісімен президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Бұдан бөлек, Оразбек Асылқұлов – 2025 жылғы әлем чемпионы (Дубай), 2024 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионы, халықаралық және республикалық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, сондай-ақ ҚР Спартакиадасының жүлдегері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ|АКИМАТ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ (@aqmola_region)