Мексика құрамасы плей-офф матчында Эквадорды жеңіп, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті, деп хабарлайды astana24.com.
Матч Мехико қаласындағы "Банорте" стадионында өтіп, алаң иелері 2:00 есебімен жеңіске жетті.
Кездесуде соғылған екі голдың алғашқысын ойынның 22-минутында Мексика шабуылшысы Джулиан Киньонес салса, арада он минут өтер-өтпес уақытта шабуылшы Рауль Хименес есепті еселеді.
Бұл жеңіс Мексика құрамасына 1/8 финалға шығуға мүмкіндік берді. Ширек финалда мексикалықтар Англия және Конго Демократиялық Республикасы матчының жеңімпазымен кездеседі.
