in

Футболдан әлем чемпионаты: 19 маусымдағы ойындар кестесі

Қазақстан уақыты бойынша жұма, 19 маусымда 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты аясындағы А және В топтарында екінші тур ойындары өтеді. astana24.com оқырман назарына ойындар кестесін ұсынады.

Екінші тур 18 маусымда Чехия мен Оңтүстік Африка арасындағы матчпен ашылады (Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады). Ал бірнеше сағаттан кейін тағы алты команда ойнайды.

Қазақстан уақыты бойынша 19 маусымдағы матчтар кестесі:

00:00 (18-нен 19 маусымға қараған түні). Швейцария – Босния және Герцеговина. B тобы, "Соу-Фай"стадионы, Инглвуд (АҚШ)

03:00. Канада – Қатар. B тобы, "Би-Си Плейс" стадионы, Ванкувер (Канада)

06:00. Мексика – Оңтүстік Корея. A тобы, "Акрон" стадионы, Сапопан (Мексика)

Матчтар түгел Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының толық кестесін мына жерден көруге болады.