in

Футболдан әлем чемпионаты-2026: плей-офф кезеңіне жолдама алған құрамалар анықталды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталды. Қатысушы 48 команданың отыз екісі плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

Әлем чемпионатын АҚШ, Канада және Мексика қабылдауда. Турнирге алғаш рет 12 топқа бөлінген 48 команда қатысты.

Әр топтан үздік екі команда плей-офф кезеңіне тікелей өтті. Үшінші орын алған алғашқы сегіз команда да 1/16 финалға өтті.

Турнир құрылымына сәйкес, бірінші кезеңнің плей-офф жұптары және жалпы турнир кестесі құрылды.

1/16 финал матчтары:

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 19 шілдеге дейін жалғасады. Қазіргі чемпион – Аргентина құрамасы.