Тележүргізуші Динара Сәтжанмен отбасын құрған кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың бұрынғы әйелі желіде мәлімдеме жасады. Кәсіпкер өзін айыптаған экс-жұбайына жауап берді, деп хабарлайды astana24.com.
Жанна Жанықұлова видеоүндеуін TikTok-та жариялады. Ол 20 жыл бірге тұрған Жұмабек Жанықұловпен заңды некеде бес баланы дүниеге әкелгенін айтты.
Оның сөзінше, ажырасуға бұрынғы күйеуінің опасыздығы себеп болған. Ол қазір Алматының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотында неке келісімшарты мен алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тануға қатысты іс қаралып жатқанын мәлімдеді.
"Некеде тұрған кезде мүлік мәселесі және неке келісімшарты мәселесі ешқашан көтерілген емес. Бұл тек Жанықұловтың жаңа әйелі пайда болып, ажырасу туралы шешім қабылдаған кезде ғана туындады" – дейді Жанна.
Айтуынша, 24 маусымда сот отырысы өтті, онда судья оның барлық өтінішін қанағаттандырмады. Жанықұлованың сөзіне сенсек, өтініштердің бірі бұрынғын күйеуінің табысына қатысты болған.
Оның сөзінше, салық басқармасы үш жылдағы кірісі 20 млрд теңгеден асқан бір компанияға ғана қатысты жауап алынғанын мәлімдеді. Ал әйелдің айтуынша, мұндай компаниялар саны 18.
Осыдан кейін кәсіпкердің бұрынғы әйелі, оның адвокаты судьяға қарсылық білдірген. Жанна Жанықұлова бұрынғы күйеуі өз активтерін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасай алады деп санайды. Ол істі бақылауға алып, сот процесін объективті және әділ жүргізуді сұрады.
Кәсіпкер Instagram желісіндегі парақшасында өзін айыптаған бұрынғы әйеліне жауап берді.
Жұмабек Жанықұловтың сөзінше, журналистер бұрынғы әйелінің видеоүндеуін қатысты түсініктеме беруін сұрап, хабарласқан. Сондықтан ол барлығына ортақ түсініктеме беруді жөн көрген.
"Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды және барлық дауымызды әлеуметтік желі емес, сот арқылы шешуіміз керегін атап өткім келеді. Ал бұрынғы әйелім қазіргі уақытта үш жыл бұрын өзі қол қойған келісім мен шарттарға қарсы шығып отыр. Ол құжаттарға қол қойған кезде жоғары білікті, танымал заңгерлерді жалдады, және біз өзара түсіністікке қол жеткіздік.
Жылдар өткенде оның пікірі өзгеріп сала берді, енді сот мұны қалай бағалайтынын күтіп отырмыз. Өз тарабымнан айтқым келгені – біз біраз уақыт бұрын ажырасқанбыз және мен сол құжаттарда келісілген барлық қаржылық және басқа да міндеттемелерді орындаймын. Мен балаларыммен керемет қарым-қатынастамын және, әрине, мен оларды барлық жағынан қолдаймын және үлкен сүйіспеншілікпен жалғастыра беремін.
Бұрынғы әйеліммен үш жыл бұрын жасалған келісімдеріміз құпия болып саналады, мен ешқашан мәліметтерді жария еткен емеспін. Бірақ егер ол өзі жария етемін деп шешсе, мен келісемін, себебі мен оған және балаларға берген уәделерімнен ұялмаймын", – деп жазды кәскіпкер.
