Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды astana24.com.
Рыбакина ширек финалда әлемнің 13-ракеткасы, жапониялық Наоми Осакамен кездесті.
Матч үш сетке созылып, Рыбакинаның жеңісімен аяқталды. Есеп – 4:6, 7:6 (7:5), 6:4.
Теннисшілер кортта 2 сағат 36 минут өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде Елена 14 эйс жасап, доп беруде 6 рет қателесті және 6 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффпен кездеседі.
