Астанада 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы өтеді, деп хабарлайды astana24.com Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
Бүгін Салоникиде өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы өтетін орын анықталды.
Маңызды матч "Астана Аренада" болады. Қазақстан футболы үшін бұл – ел тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі.
2028 жылғы Суперкубокта УЕФА Чемпиондар және Еуропа лигасының жеңімпазы кездеседі.
