in

Фристайл-акробатикадан Милан-2026 Олимпиадасында Қазақстан намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды

Фристайл-акробатикадан әлем кубогінің алтыншы кезеңінен кейін, алдағы Олимпиадада Қазақстан атынан өнер көрсететін ұлттық құрама спортшылары анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Туризм және спорт министрлігі мәліметінше, тізімге Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асылхан Асан және Аяна Жолдас енді. 

Қазір Қазақстан төмендегі спорт түрлерінен лицензияға ие: 

Биатлон – Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева, Айша Рақышева 

Конькимен жүгіру – Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко 

Шорт-трек – Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан 

Мәнерлеп сырғанау – Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.