in

Қазақстан құрамасы байдарка мен каноэде ескек есуден күміс медаль иеленді

Қазақстандық ескекшілер Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая Азиадада байдарка мен каноэде ескек есуден күміс медальға ие болды, деп хабарлайды astana24.com ҰОК-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық ескекшілер Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая байдарка мен каноэде ескек есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді.

Отандастарымыз екілік-байдаркада 500 метрге ескек есуден ақтық сында 1:48.140 уақыт нәтижесін тіркеді.

Осылайша Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая күміс жүлдеге ие болды.

Қытайлықтар Юй Шимэн және Инь Мэнди бірінші орын алды – 1:45.010. Ал Арина Танатмишева мен Екатерина Шубина (Өзбекстан) қола жүлдеге ие болды – 1:49.585.