in

2 дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Азиаданың ширек финалына шықты

Бокстан Қазақстан командасының спортшысы Махмұд Сабырхан Аичи-Нагоя Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды 1Bol.

Отандасымыз 55 кг дейінгі салмақтың 1/8 айналымында Иран өкілін айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 5-0.

Енді Махмұд ширек финалда Ирак немесе Оңтүстік Корея жұбының жеңімпазымен күш сынасады.