Дереккөздер еуропалық футбол шенеуніктері "ПСЖ" президенті Нассер әл-Хелаифидің кандидатурасын ФИФА басшысы лауазымына ұсыну мәселесін талқылап жатқанын хабарлаған. Бұл туралы Politico басылымына сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.
Дереккөздердің мәліметінше, еуропалық футбол шенеуніктері "Пари Сен-Жермен" клубының президенті Нассер әл-Хелаифиді келесі жылы өтетін сайлауда ФИФА басшысы қызметіне ықтимал кандидат ретінде қарастырып жатыр.
Еуропалық футбол көшбасшылары 2027 жылғы наурызда осы қызметке үшінші рет сайлануға ниетті ФИФА-ның қазіргі басшысы Джанни Инфантиноны орнынан ығыстырмақ.
Аты-жөнін атамауды өтінген халықаралық футболдың үш жоғары лауазымды өкілінің айтуынша, өткен айда өткен әлем чемпионаты кезінде басталған келіссөздер барысында шенеуніктер әл-Хелаифиді басты үміткер ретінде қарастырған.
Әл-Хелаифи – Францияның "Пари Сен-Жермен" клубының президенті, құрлық командаларын біріктіретін Еуропалық клубтар қауымдастығын (ECA) басқарады және ірі beIN медиа империясының төрағасы.
Дегенмен әл-Хелаифидің өкілі басылымға "ПСЖ" президентінің бұл лауазымға қызығушылық танытпайтынын хабарлаған.
"Нассердің ФИФА-дағы лауазымға ұмтылатын ешқандай амбициясы, ниеті немесе қызығушылығы жоқ. Ол әлемдік және еуропалық футбол институттарын қолдауды жалғастыра береді", – делінген мәлімдемеде.
