Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарында екі жартылай финалдық жекпе-жектің нәтижесімен келіспейтінін мәлімдеді. Бұл кездесулерде қазақ спортшылары қола медаль иеленген еді, деп хабарлайды astana24.com.
Қазақстан бокс федерациясы Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова өнер көрсеткен жекпе-жектердің нәтижесіне ресми түрде наразылық білдірді. Бұл туралы федерацияның Instagram-дағы парақшасының stories бөлімінде хабарланды.
"Қазақстан бокс федерациясы Жапониядағы Азия ойындарының жартылай финалы аясында өткен 75 келідегі Наталья Богданова мен Ловлина Боргохайн (Үндістан), сондай-ақ 55 келідегі Махмұд Сабырхан мен Карло Паалам (Филиппин) жекпе-жектерінің нәтижесімен келіспейді және World Boxing ұйымына наразылық жолдады", – делінген федерация мәлімдемесінде.
Алайда келіспеушіліктің себептері нақтыланбаған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Наталья Богданова мен Махмұд Сабырхан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегерлері атанғанын жазған едік.
