in

Алматыдағы Төле би көшесінде қозғалыс қайта шектеледі (схема)

Алматы тұрғындары мен қонақтарына Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелетіні ескертілді. Шектеулер түнгі уақытта қолданылады, деп хабарлайды Almaty Joly-ға сілтеме жасаған astana24.com.

Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

"Атап айтқанда, 30 қыркүйек және 1 қазан күндері сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Розыбакиев көшесімен қиылыста көлік қозғалысы шектеледі.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.