Қытайдың Гуйяне қаласында өтіп жатқан әлем кубогында тағы бір қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасаған astana24.com.
Кезекті алтынды қоржынға салған — Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі, әлем чемпионатының жүлдегері, 60 келі салмақта сынға түскен Виктория Графеева.
Финалдық бәсекеде Виктория Париж Олимпиадасының чемпионы, Тайпей өкілі Лин Юй-Тинмен кездесті.
Алғашқы раунд қарсыластың еншісіне кеткенімен, ол соңғы секундқа дейін жеңіске талпынып, 3:2 есебімен басым түскен.
Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай топ жарған болатын.
