Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) өзінің ресми сайтында жекелей және жұптық сындағы жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды astana24.com.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңартылған әлемдік рейтингте екінші орынын сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның еншісінде 8 141 ұпай бар. Цинциннатидегі турнирде спортшы Ига Швентекке қарсы матчта жарақат алып, жартылай финалға бір қадам қалғанда жарысты аяқтаған еді.
Рейтинг көшін 8 575 ұпаймен беларусьтік Арина Соболенко бастап тұр. Үздік үштікті америкалық Джессика Пегула түйіндеді. Ол Цинциннатидегі "мыңдық" турнирдің финалында отандасы Коко Гауффтан жеңілгеніне қарамастан, өз орнын сақтап қалды. Ресейлік Мирра Андреева бесінші орынға көтерілді.
Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бір саты жоғарылап, әлемнің 80-ші ракеткасы атанды.
Ал қазақстандық Анна Данилина жұптық рейтингте алтыншы орнын сақтап қалды. Жұптық сында чехиялық Катерина Синякова көш бастап тұр.
