Тамыздың соңындағы деректер бойынша Қазақстанда жас жұбайлар қай айда жиірек некеге тұратыны белгілі болды, деп хабарлайды astana24.com "Азаматтарға арналған үкіметке" сілтеме жасап.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, жыл басынан бері Қазақстанда мыңдаған неке тіркелді. Жас жұбайлар үшін жылдың әр кезеңінің өзіндік ерекшелігі бар екені байқалады.
Қазақстанда некелердің басым бөлігі көктем және жаз мезгілдерінде қиылған. Маусымда 15 192 неке тіркелсе, шілдеде 11 674, ал сәуірде 8 001 неке қиылған.
Некелер саны бойынша алғашқы үштікте Алматы қаласы, Астана қаласы және Түркістан облысы көш бастап тұр.
