in

Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды astana24.com.

Рыбакина ширек финалда әлемнің 13-ракеткасы, жапониялық Наоми Осакамен кездесті.

Матч үш сетке созылып, Рыбакинаның жеңісімен аяқталды. Есеп – 4:6, 7:6 (7:5), 6:4.

Теннисшілер кортта 2 сағат 36 минут өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде Елена 14 эйс жасап, доп беруде 6 рет қателесті және 6 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффпен кездеседі.