in

Испания құрамасы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалиядан басым түсті

2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалияға қарсы ойнаған Испания құрамасы қарсылас қақпасына бір гол соғып, жеңіске жетті, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

Екінші кезеңдегі плей-офф матчы АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласының стадионында өтті және 1:0 есебімен аяқталды.

Матчтағы жалғыз голды жартылай қорғаушы Микель Мерино қосымша уақыттың бірінші минутында соқты. Ол шабуылшы Ферран Торрестің пасынан кейін қақпашымен бетпе-бет келіп, сол мүмкіндікті сәтті пайдалана алды.

Испания құрамасы 2010 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Қазіргі Еуропа чемпиондарының келесі матчы Қазақстан уақыты бойынша 10 шілдеден 11-іне қараған түні басталады.

Испаниялық қақпашы Унаи Симон әлем чемпионатындағы голсыз серияны 609 минутқа дейін ұзартты (Қатар-2022 қоса алғанда), бұл турнир рекорды.