in

Мемлекеттік туды қалай және қай жерде пайдалануға болады: үкімет ережеге түзету енгізді

Үкімет мемлекеттік туды пайдалану ережелеріне түзетулер енгізді, деп хабарлайды astana24.com.

Тиісті қаулы Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, патриоттық сезімін, қазақстандық бірегейлікті, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында мемлекеттік туды жеке және заңды тұлғалардың ғимараттарда (тұрғынжайларда және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда (45 градус бұрышпен) және салтанатты іс-шаралар өткізілетін жерлерде пайдалануына (орнатуына, орналастыруына) болады.

Көлеміне қарамастан, мемлекеттік ту ұлттық стандартқа сәйкес келуге тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын ұлттық стандарт талаптарын бұза отырып пайдалануына жол берілмейді. Туды жеке және заңды тұлғалардың қорлау нысаны ретінде пайдалануына болмайды.

Сонымен қатар мемлекеттік туды қасақана бүлдіруге, жоюға, өртеуге, жыртуға, жерге тастауға, мақсатына сай емес пайдалануға, сондай-ақ оның мемлекеттік рәміз ретіндегі қадір-қасиеті мен маңызын төмендететін өзге де әрекет жасауға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын жарнамалық мақсаттарда, сондай-ақ киім-кешек заттары, төсек-орын жабдықтары, перде, дастарқан, кілемше және өзге де жабын ретінде пайдалануға болмайды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын пайдалануға (орнатуға, орналастыруға) мынадай шарттармен жол беріледі: