in

Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес заңды некеге тұрды

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду мен аргентиналық-испаниялық модель Джорджина Родригес заңды неке тұрғандарын жариялады, деп хабарлайды олардың әлеуметтік желілердегі парақшасына сілтеме жасаған astana24.com.

Жұбайлар Instagram желісінде бірлескен жазба жариялады. Суретте Роналду мен Родригестің неке жүзігі тағылған қолын байқауға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)

Айта кетейік, тегі испаниялық әрі аргентиналық модель Роналдумен 2016 жылы өзі кеңесші болып жұмыс істеген Gucci дүкенінде танысқан еді. Көп ұзамай олардың қарым-қатынасы жұртқа белгілі болды.

Португалиялық футболшы былтыр тамызда сүйіктісіне ұсыныс жасады.

Бұған дейін Джорджина Родригес тойды дүркіретіп емес, тек жақын адамдардың ортасында шағын қылып өткізуді жоспарлап отырғандарын айтқан болатын.

Жуырда БАҚ-та жоспарланған салтанатты шараның егжей-тегжейі хабарланды. Мәліметтерге қарағанда, Роналду мен Родригес футболшының туған жері – Португалияның Мадейра аралындағы ең үлкен қала Фуншалдағы шіркеуде некелесуі тиіс болған.

Белгіленген күні аталған жерге халық көп жиналған. Алайда неке қию рәсіміне Роналду мен Родригес емес, басқа жас жұбайлар келген.