Бокстан 2026 жылғы әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатыстан қазақстандық боксшылар анықталды. Тізімде 4 бірдей әлем чемпионы бар, деп хабарлайы Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған astana24.com.
Федерацияның мәліметінше, әлем кубогының алғашқы кезеңіне Қазақстан құрамасынан 16 боксшы қатысады. Жарыс 20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтеді.
Бұл бәсекеге 50-ден аса елден 400-ге жуық боксшы қатысады деп күтіліп отыр. Қазақстан атынан Нұржан Насанов баптайтын ерлер құрамасынан 9 боксшы және Елдос Сайдалин жетекшілік ететін әйелдер құрамасынан 7 боксшы жүлдеге таласады.
Жарысқа қатысатын боксшылар:
Ерлер
Әйелдер
"2025 жылғы Ливерпульдегі жетістіктерімізден кейін аруларымыздың көпшілігі енді ғана ресми жарысқа оралмақ. Бұл тізімде 4 бірдей әлем чемпионы (Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Аида Әбікеева, Наталья Богданова) бар", – делінген хабарламада.
Жалпы Бразилия өз тарихында екінші мәрте әлем кубогының кезеңін ұйымдастыруға мүмкіндік алған. 2025 жылы Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 қола жүлде иеленген.
