19 сәуірде тоғызыншы рет Almaty Half Marathon өтеді. Осыған байланысты жарыс күні көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған astana24.com..
Әкімдіктің мәліметінше, 19 сәуірде сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жарыс өтетін учаскелерде жолдардың бір бөлігі жабылады.
Жарыс таңғы сағат 07:00-де Тұңғыш президент саябағынан басталады. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Розыбакиев көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі 19 сәуір күні сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 06:45-тен 09:45-ке дейін шектеледі. Оңтүстік жағы ашық болады.
Сейфуллин даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 07:10-нан 09:05-ке дейін толығымен шектеледі.
Абай даңғылының оңтүстік жағымен Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:50-ден 11:15-ке дейін шектеледі. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сейфуллин даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 07:20-дан 09:15-ке дейін шектеледі. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Саин көшесінің шығыс жағымен әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 08:30-дан 10:20-ға дейін шектеледі. Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Мәліметтер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын тиімді бөлуді ескере отырып берілген.
Тұңғыш президент саябағына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын бағыттар:
Жарыс ұйымдастырушылары жолдардағы жүктемені ескере отырып, қатысушыларға сөре орнына (Тұңғыш президент саябағы) яғни әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін автобуспен жетуді ұсынады.
Сөре аймағында (Тұңғыш президент саябағы) және мәре қалашығында (Орталық стадион) тұрақ қарастырылмаған.
Жарысқа әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысады.
