in

Тоқаев Қазақстан құрамасын семсерлесуден әлем чемпионатындағы тарихи жеңісімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын Гонконгта өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды astana24.com президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы құттықтауында семсерлесушілердің ел тарихындағы тұңғыш алтын медалі спорттық шеберліктің, болаттай берік мінез бен командалық рухтың айқын көрінісі екенін атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздар мен жаттықтырушылар құрамына Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын айтып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет семсерлесуден әлем чемпионатында алтын иеленді.