Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі матчта Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
В тобының екінші тур ойыны АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы "Соу-Фай" стадионында өтті. Матч 4:1 есебімен аяқталды.
Швейцария құрамасының жартылай қорғаушысы Йохан Манзамби екі гол соқты (74 және 90-минуттар). Шабуылшы Рубен Варгас (84) және жартылай қорғаушы және команда капитаны Гранит Джака (90+7) бір-бірден гол соқты. Гранит Джака пенальтиді дәл тигізді.
Босния құрамасының қоржынындағы жалғыз голды жартылай қорғаушы Эрмин Махмич (90+3) соқты. Команда матчты он адаммен аяқтады, қорғаушы Тарик Мухаремович (80) қызыл қағаз алды.
"Астана" мен Босния және Герцеговина құрамасының жартылай қорғаушысы Иван Башич матчты қосалқы құрамда бастады. 2026 жылғы әлем чемпионатындағы Қазақстан Премьер-лигасының жалғыз өкілі 63-минутта алаңға шықты, бірақ гол соға алмады.
Осылайша Швейцария төрт ұпай жинап, топта көш бастады. Босния және Герцеговина бір ұпаймен қалды.
