Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Instagram желісіндегі парақшасында оқырман сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды astana24.com. Ол ресейлік бапкер Алексей Урмановпен әлі де жұмыс істеп жатқанын айтты.
Михаил Шайдоров stories-те оқыманының бірқатар сұрағына жауап берді. Соның ішінде 2030 жылғы Олимпиадаға дайындығы туралы да сұрақ болды.
"Иә, әрине. Мен тынбай жаттығып, бар назарымды соған аударамын", – деп жауап берді Шайдоров.
Сонымен қатар спортшы өзін Олимпиадаға дайындаған ресейлік бапкер Алексей Урмановпен әлі жұмыс істеп жатқанын айтты.
"Әрине, маусымға дайындалып жатырмыз", – деп жауап берген Шайдоров бапкерімен бірге түскен суретін жариялап.
Сондай-ақ Михаилға қай елде тұрғысы келетіні туралы сұрақ қойылды.
"Мен өз Отанымда тұрамын және осында тұрғым келеді", – деп жауап берді мәнерлеп сырғанаушы.
Сұрақтарға жауап беру барысында Михаил өзінің кумирі Геннадий Головкин екенін айтып, оны "тарихтағы ең ұлы спортшы" деп атады.
